Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтың орнынан түсуі жайында Жарлыққа қол қойды

21 ақпанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Үкіметінің орнынан түсуі туралы Жарлыққа қол қойып, Премьер-Министрдің міндетін уақытша атқаруды Асқар Маминге жүктеді

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес:

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

  2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Асқар Ұзақбайұлы Маминге жүктелсін.

  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.

  4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген Жарлық мәтінінде.

Articles sur le même thème

No news available.
Share this page Share on FacebookShare on TwitterShare on Linkedin