ҚР вице-премьері Асқар Жұмағалиев жаңа қызметке тағайындалды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын", - делінген жарлықта.

Бұл қызметте болған Бейбіт Атамқұлов ҚР сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

 

kazpravda.kz/kz/news/kogam/kr-vitse-premeri-askar-zhumagaliev-zhana-kizmetke-tagaiindaldi

Articles sur le même thème

No news available.
Share this page Share on FacebookShare on TwitterShare on Linkedin